Жер қатынастары басқармасының 2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша атқарған жұмысы туралы ақпарат
Облыстың жер қоры 22 млн 357 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде егістігі - 1 млн 056 мың гектар, оның суарылмалысы - 480 мың 6 гектар, көп жылдық екпелер - 29 мың 788 гектар, тыңайған жерлер - 120 мың 572 гектар, шабындық - 458 мың 404 гектар, жайылым - 13 млн 744 мың гектар, бақшалар мен қызметтік телімдер – 5 мың 356 гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8,007 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 1,01 млн.гектар, оның суарылмалысы - 451 мың 3 гектар, көп жылдық екпелер - 21 мың 4 гектар, тыңайған жерлер – 69 мың 9 гектар, шабындық - 189 мың 5 гектар, жайылым – 6 млн 5 мың гектар, бақшалар – 291 мың гектарды құрайды.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 154 745 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Облыс бойынша 2019 жылдан бастап 2020 жылдың бірінші тоқсанына ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 9 конкурс өткізілді. Конкурста 137,6 мың га құрайтын 447 жер учаскесі табысталды.
Ағымдағ жылдың соңына дейін ауыл шарушылығы мақсатындағ 150,0 мың га құрайтын жер учаскесін табыстау үшін 7 конкурс өткізу жоспарлануда.
Жер учаскелеріне құжаттық түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша
Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі тапсырмасына және 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 санаттағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген тексеру барысында анықталған сандық және алаңдық алшақтықтар толығымен жойылып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы өзектілендірілді.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасын іске асыру бойынша
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысына қажетті 690,6 га құрайтын 939 жер учаскесі түседі. Сатып алуға 639,08 га құрайтын 722 жер учаскесі (Қарасай ауданы -339 учаске (321,60 га), Іле ауданы – 197 (166,84 га), Талғар ауданы – 186 учаске (150,64 га) жатады.
Оның ішінде:
580 жер учаскесі (Қарасай ауданы -232 учаске (148,8 га), Іле ауданы – 188 (112,5 га), Талғар ауданы – 160 учаске (72,9 га) сатып алынды (334,2 га).
27 меншік иесіне (Қарасай ауданы) тең бағалы жер учаскесі ұсынылды.
114 меншік иесі (Қарасай ауданы -79, Іле ауданы -9, Талғар ауданы – 26) өз еркімен жер учаскесінен бас тартты.
Алматы облысының азаматтық істер сотының 2020 жылғы 03 наурызда «Табыс-2005» ЖШС-ң жер учаскесіне 446,2 млн. теңгеге сот шешімі шыққан.
Облыс әкімдігімен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 446,2 млн.теңгеге бюджеттік жолданды.
Сонымен қатар, жер экспликациясына кірмейтін сомасы 127,9 млн.тенге құрайтын 3 жер учаскесі сатып алынды («AZS Group» ЖШС, Ауелбекова Д., Садвакасова А.).
«Алматы-Бішкек» автомобиль жолын салу бойынша (16-19 км)
Республикалық маңызы бар «Алматы - Бішкек» автомобиль жолының («Алтын орда» базары аумағы) құрлысына 53 жер учаскесі түседі (көлемі 4,5745 га), оның ішінде мемлекет меншігінде 5 жер учаскесі (көлемі 0,1263 га). 48 жер учаскесі (көлемі 4,4482 га) сатып алуға жатады. Оның ішінде:
- 34 жер учаскесі (3,5 га) иеліктен шығарылып, сатып алынды (799,2 млн.тг).
- 3 жер учаскесінің (0,2614 га) меншік иелері тең бағалы жер учаскесіне келісті (13,6 млн.тг).
- 9 жер учаскесінің (0,439 га) меншік иесі өз еркімен бас тартты (7,3 млн.тг).
- 2 жер учаскесінің (0,2693 га) құжаттары сот қарауында (19,3 млн.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алуға 325,7 млн.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
«Асыл Арман» ТК ауданындағы көлік айрығына және Райымбек ауылының бұрылысындағы жер үсті өткеліне қосымша 11 жер учаскесі түседі (коммерциялық мақсатта 7, 1 медициналық қызмет көрсету орталығын орналастыру үшін, 1 шаруа қожалығын жүргізу үшін, 2 көпқабатты тұрғын кешенін орналастыруға, 0,6338 га).
Бүгінгі күні, 0,6 га құрайтын 11 жер учаскесін сатып алу мәселесі шешілген (сомасы 115,0 млн.тг).
«Береке» индустриялық аймағының құрылысы бойынша
«Береке» индустриялық аймақтың құрылысына барлығы 209 жер учаскесі (көлемі 535 га) түседі, оның ішінде сатып алынуға жататыны 185 жер учаскесі (422,7 га).
- 131 жер учаскесі (266,2 га) босатылды (612,3 млн тг).
- 14 жер учаскесі меншік иелері өтемақы сомасына келісім берді (376,3 млн тг).
- 29 жер учаскесі (95,7 га) меншік иелері тең бағалы жер учаскесін алуға келісім берді («Caspian Group» ЖШС, оның ішінде 19 жер учаскесі кепілде тұр).
- 11 жер учаскесін иеліктен шығару бойынша сот шешімі қабылданды (17,1 га), сот шешімдерінің күшіне енуіне қарай аталған жер учаскелері сатып алынатын болады (258,4 млн тг).
Жергілікті бюджеттен жер учаскелерін сатып алу үшін 768,6 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, жер қатынастары басқармасымен 2020 жылға 1 484,2 млн.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Бұл картаға ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, ирригациялық желілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - ӨГАЖ) құрылды, ол бар барлық салалық деректер мен кадастрлар базаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте электрондық карта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласында электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды жетілдіру және мемлекеттік қызмет көрсету үшін платформа болып табылады.
ӨГАЖ көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болады.
Қазіргі уақытта басқарма тарапынан құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, басқармаларымен және ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етеді. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етеді.
Конкурс қорытындысы бойынша лоттың жеңімпазы болып "Геокарта"ЖШС танылды.
Жер қатынастары саласында пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізу жоспарланып отырған сәулет және қала құрылысы саласында 15 мемлекеттік қызметті және 6 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз етудің 7 базалық референс станциялары орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 масштабында (3-5 см ажыратымдылығында) жоғары сапалы аэрофотосурет және топографиялық түсіру бойынша дала жұмыстар жүргізілді.
ӨГАЖ-не мынадай қабаттар жүктелді: ресімделген және еркін жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын үйге жатпайтын құрылыс, елді мекендердегі қызыл жолақ, санитарлық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз етілуі (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері)
Бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттарды беру және ведомствоаралық келісу процестерін қосымша автоматтандырылды.
Алматы облысының мемлекеттік қызметтерінің геоақпараттық порталының сілтемесі: https://alm.rgis.kz/web.
Жобаны іске асыру құрылыс, топотүсірілім беру, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. мақсаттар үшін жер учаскелерін беру бойынша онлайн қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында - 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды бірыңғай талаптарына және "ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 2-тармағына сәйкес "электрондық үкіметтің "гепорталы" ақпараттандыру объектілеріне сынақтар жүргізу үшін олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жұмыс жүргізуге уәкілетті органға өтінім берілді.
Алматы агломерациясын қалыптастырудың 2019-2030 жылдарға арналған ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы өңірлік геоақпараттық жүйенің деректер базасын кеңейту және Алматы қаласынан 5 қала маңындағы аудан орталығында (Ұзынағаш ауылы, Қаскелең қаласы, Өтеген Батыр ауылы, Талғар қаласы, Есік қаласы) Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жоспарланған 559 млн. теңгеге бюджеттік өтінім қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында 3 қала бойынша гепорталды тәжірибелік пайдалануға енгізу жоспарлануда. Гепорталды ақпараттандыру объектілерін олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау жүргізгеннен кейін, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ), "жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі (ЖМТ МДҚ), Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (ХҚКО АЖ) интеграцияланғаннан кейін облыстық мақсаттағы 3 пилоттық қала бойынша өнеркәсіптік пайдалануға енгізілетін болады.
Жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша тұжырымдамасы қосымша әзірленді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мониторингін жүргізу тәртібі бойынша
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға бақылау жүргізу мақсатында қолданыстағы жер заңнамасымен қоғамдық кеңес, агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мемлекеттік емес ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен:
жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуына жүргізілген мониторингтеудің оң нәтижелері жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін жалға алу шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша
Облыс бойынша 2018-2019 жылдар жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура органдарының бірлесуімен барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне есеп жүргізіліп, нәтижесінде 808,7 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (оның ішінде 39,5 мың га егістік, 0,5 мың га көп жылдық екпелер, 7,6 мың га шабындық, 760,7 мың га жайылым, 0,4 мың га басқадай жерлер) пайдаланылмай жатқаны анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, 94,9 мың га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, 47,6 мың га жерлер иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, 504,4 мың га жерлерді қайта пайдалануға кірісті және ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, 129,8 мың га жерлердің құжаттары аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдардың қарауында.
Аталған бағытта жұмыстар жалғастырылуда, аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті жерде зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты (2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI Заңы) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарына тапсырылған.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Иесіз жерлерді есепке алу бойынша
Аудан және қала әкімдіктерінің берген ақпараттарына сәйкес, жалпы көлемі 124728,0 га (1371 учаске) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері 2018 жылы иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылған (Алакөл, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Көксу, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Кеген, Кербұлақ).
Бүгінгі күнде аудан және қала әкімдіктерімен бір жылдық мерзімдері өтуіне қарай (Еңбекшіқазақ ауданы) иесіз мүлік ретінде тіркеуге қойылған жер учаскелерін сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Орындалу барысы бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.