«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Алматы облысы

әкімдігінің 2020 жылғы

«___» __________

 № ____ қаулысымен

бекітілген  

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысы аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.  
  3. Басқармада ведомстволар жоқ.
  4. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  8. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
  11. Мемлекеттік органның толық атауы: «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  13. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  14. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Миссиясы: Алматы облысы аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. Міндеттері:  

1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығын, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасауды, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

2) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

12) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

14) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.   

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;

2) Басқарманың алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;

3) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

4) Басқарманың мүддесін мемлекеттік және сот органдарында білдіру;

5) өз құзыреті шегінде келісімшарттар, келісімдер жасау;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
  2. Басқармада басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, Басқармаға ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  3. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  5. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

 5). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;

6). өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

7).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

10).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

11).бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;

12).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

13).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

14)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23..Бірінші басшы құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

24..Басқарманы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

  1. Басқарманың мүлкі

25.Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

28.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.        

 

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Дата публикации
09 ноября 2015