«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Талдықорған қ. 2022 жылғы 25 ақпан
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алматы облысы жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының 2022 жылғы 07 ақпандағы № 6-н «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында 2022 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 тқыркүйектегі № 342 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес басқарманың негізгі міндеттері:
1) жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету; топырақ құнарлылығын молайту, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу;
3) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқылы дамыту үшін жағдай жасау;
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
5) жылжымайтын мүлік нарығын құру және дамыту;
6) жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
2) Қазақстан Республикасының Су кодексі;
3) Қазақстан Республикасының Орман Кодексі;
4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;
5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы;
6) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
7) Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ішкі талдау жүргізілді.