2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған ) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңмен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
3) жайылымдарда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарлары) – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;
4) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;
5) жайылымдарды пайдаланушы – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
6) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына арналған жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен молығуы сақталатындай жағдайда пайдалану;
7) веб-порталдағы жайылымның нөмірі – веб-порталда жайылым учаскесіне берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;
8) жайылым тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, жайылымның кеңістіктік жай-күйі мен мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, жайылым айналымы, жайылымның құрамы мен көлемдері туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;
9) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жайылымдардың ұтымды пайдалануын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу деректері пайдаланылады»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жайылымдарды ұтымды пайдалану мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) жайылымдарды жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып пайдалану;
2) жайылым тарихының кітабын қалыптастыру;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) қамтамасыз ету;
4) жайылымдарды күнтізбелік графикті ескере отырып пайдалану;
5) жайылымдардың шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау, жерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу.
Жайылым пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуіріндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш қабылданады.».
9-тармақ алып тасталсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидалардың 2-тармағының 6), 11), 12), 15) және 16) тармақшалары, 4-тармағының 2) тармақшасы, 6 және 7-тармақтары пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1) агрохимиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол берілмеуін, қажетті өнімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жерлерді оңтайлы пайдалануды қамтитын жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсер ету нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің қасиеттерінің нашарлауы;
4) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген кезектестіріп егу;
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар жеке немесе заңды тұлға;
6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын мониторингтеу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылаулар, жер бетіндегі түсірілімдер, зерттеп-қараулар, түгендеулер нәтижелерін, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағат деректерін, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
7) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жай-күйде ұстап тұру үшін оларды кезең-кезеңімен және бірізді пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
8) жайылымдарда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы жануарлары) – ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер;
9) жайылымдарды ұтымды пайдалану – жайылымдардың азықтық ресурстарын олардың экологиялық ерекшеліктерін ескеріп және табиғатты қорғау нормаларын (жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілген нормасын қоса алғанда) сақтай отырып, қалыпты жай-күйі мен өсімінің молаюы сақталатындай жағдайда пайдалану;
10) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;
11) веб-порталдағы жайылымның нөмірі – веб-порталда жайылым учаскесіне берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;
12) жайылым тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, жайылымның кеңістіктік жай-күйі мен мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, жайылым айналымы, жайылымның құрамы мен алаңдары туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;
13) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормасы (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) – «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы;
14) танап – ормансыз, аумағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын, көбінесе жеткілікті дәрежеде тегіс кең жер учаскесі;
15) танап тарихының кітабы – веб-порталда қалыптастырылатын, танаптардың кеңістіктік жай-күйі мен оның жер пайдалану мөлшерлерін көрнекі түрде көрсететін, ауыспалы егіс, жыртылатын алқаптардың құрамы мен алаңдары туралы ақпаратты қамтитын жер пайдалануға арналған электрондық құжат;
16) веб-порталдағы танаптың нөмірі – веб-порталда танапқа берілетін және оның орналасқан орнын айқындауға (сәйкестендіруге) арналған бірегей код;
17) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық және (немесе) агромелиорациялық зерттеп-қарау нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі.
1) жерлердің құнарлылығын ұстап тұруды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгілі бір деңгейі);
2) танаптар/жайылымдар тарихының кітабын қалыптастыруды;
3) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін ұстап тұруды және арттыруды;
4) жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып ауыспалы егістерді сақтауды/жайылымдарды пайдалануды;
5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
6) мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде жайылымға түсетін оңтайлы жүктемені қамтамасыз етуді;
7) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерлерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді;
8) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16070 болып тіркелген) бекітілген «Егінге себу қорытындылары туралы есеп» (код 141112214, индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық), «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» (код 141112203, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық), «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» (код 141112201, индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістер жоспары (жерлерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланған кезде);
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылым айналымы жоспары (жайылымдарды пайдаланған кезде).
2-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібі
Жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі веб-порталда жайылымдар тарихының кітабын қалыптастырады, сондай-ақ Жүктеме нормасының жиырма пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарлары санының болуын қамтамасыз етеді.
Жаңадан сатып алынған жер учаскелері бойынша танаптар тарихы кітабын қалыптастыру жер учаскесіне тиісті құқықтар алынған күннен бастап бір ай мерзімде қамтамасыз етіледі.
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар танаптар мен жайылымдар тарихының кітабын өз бетінше жүргізеді.
1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы қарашірік құрамының бес пайыздан артық, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан артық төмендеуі;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері өте төмен және төмен жер алаңдарының он пайыздан артық ұлғаюы;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен шекті рұқсат етілген концентрациялардан жоғары ластануы;
4) эрозия нәтижесінде жоғарғы қарашірік қабаты қуатының 5 сантиметрден артық азаюы;
5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының ұлғаюы:
хлоридтердің 0,4 пайыздан артық;
сульфаттардың 0,8 пайыздан артық;
топырақта сортаңданудың 5 пайыздан артық жоғарылауы.
6) арамшөптердің (рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары арамшөптер мөлшері) не карантиндік өсімдіктердің өсуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуы.
1) Жүктеме нормасынан кемінде жиырма пайыз;
2) Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тарау 01.01.2021 дейін қолданыста болады – осы бұйрықтың 7-тармағын қараңыз.
3-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету тәртібі
Жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құқық белгілейтін құжаттар берілгеннен кейін бір ай мерзімде жаңадан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жайында агрохимиялық қызметті хабардар етеді.
Агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы өндірушісі құқық белгілейтін құжаттарды алғаннан кейін алғашқы күнтізбелік жыл ішінде топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізеді.
Орташа аудандық түсімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылатын және суарылмайтын жерлер бөлінісінде есептеледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылғы 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш қабылданады.
Егер ауыл шаруашылығы өндірушісі мал өсіру (күтіп-бағу) технологиясында қорада күтіп-бағу әдісін пайдаланатын болса, есептемелер жүргізу кезінде қорада күтіп-бағылатын мал саны есептелмейді.
Ауыл шаруашылығы өндірушісінің қосымша жер учаскелерін алуы (сатып алуы) жайылымға түсетін жүктемені қайта есептеуге негіз болады.
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді ұтымды
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
_________________________
басшысы
(заңды немесе жеке
тұлғаның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі,қолы)
20 ___жылғы «____»
_______________
Ауыспалы егістер жоспары
|
Тиісті танап (алқап) орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Танаптың кадастрлық нөмірі, оның алаңы, гектар |
Ауыспалы егістер жоспарын жасаған жылға дейінгі алдыңғылар (дақылдар) |
Жоспарлы кезеңге дақылдарды орналастыру |
||||||||||
|
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
||||||
|
20 _ жыл |
20 _ жыл |
20 _ жыл |
|||||||||||
|
|
1 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 ______ гектар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
ұтымды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
_______________________
басшысы
(заңды немесе жеке
тұлғаның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты
(барболса), тегі, қолы, )
20 ___жылғы «____»
_________________
Жайылым айналымдары жоспары
|
Жайылымның кадастрлық нөмірі |
Пайдалану жылдары |
|||||
|
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
20--- |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Толтыру мысалы
|
Жайылымның кадастрлық нөмірі |
Пайдалану жылдары |
|||||
|
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
20--- |
|
|
12-345-789-012:34 |
көктем |
күз |
демалыс |
жаз |
көктем |
күз |
|
12-345-789-012:35 |
жаз |
көктем |
күз |
демалыс |
жаз |
көктем |
|
12-345-789-012:36 |
демалыс |
жаз |
көктем |
көктем |
демалыс |
жаз |
|
12-345-789-012:37 |
күз |
демалыс |
жаз |
көктем |
күз |
демалыс |
Қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері
|
Р/с № |
Облыс |
Топырақ типі |
Қарашірікпен қамтамасыз етілуі, % |
Қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі, милиграмм/килограмм |
||||||||||
|
өте төмен, аз |
төмен |
оңтайлы |
жеңіл гидролизделетін азотпен |
жылжымалы фосформен |
ауыспалы калиймен |
|||||||||
|
өте төмен, аз |
төмен |
оңтайлы |
өте төмен, аз |
төмен |
оңтайлы |
өте төмен, аз |
төмен |
оңтайлы |
||||||
|
1 |
Ақмола |
Кәдімгі қара топырақ |
3,8 |
4,3 |
4,8 |
<30 |
48 |
48-60 |
<10 |
18 |
19-30 |
<100 |
240 |
>410 |
|
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
250 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
2 |
Ақтөбе |
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
44 |
44-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
220 |
>410 |
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
3 |
Алматы |
Кәдімгі сұр |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
240 |
>410 |
|
Шалғынды сұр топырақ |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі күңгірт күрең |
2,5 |
2,8 |
3,3 |
<25 |
34 |
34-50 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
260 |
>410 |
||
|
Шалғынды-батпақты |
1,4 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Ашық сұр топырақ |
0,6 |
0,7 |
0,9 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Сұр-құба |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
25 |
31 |
31-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі қара |
3,8 |
4,2 |
4,8 |
<30 |
49 |
49-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
250 |
>410 |
||
|
4 |
Атырау |
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
11 |
12-30 |
<110 |
240 |
>410 |
|
Жайылма-шалғынды |
1,4 |
1,6 |
1,9 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<110 |
270 |
>410 |
||
|
Шалғынды-батпақты |
1,4 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<110 |
260 |
>410 |
||
|
Құба |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
34 |
34-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
240 |
>410 |
||
|
Сұр-құба |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
<25 |
36 |
36-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
230 |
>410 |
||
|
5 |
Шығыс Қазақстан |
Таулы қара топырақ |
5,7 |
6,5 |
7,5 |
<30 |
55 |
55-60 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
260 |
>410 |
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
36 |
36-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі қара |
3,8 |
4,2 |
4,8 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
250 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі күңгірт күрең |
2,5 |
2,8 |
3,3 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Таулы қоңыр |
3,7 |
4,1 |
4,9 |
<30 |
48 |
48-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
240 |
>410 |
||
|
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
42 |
42-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
250 |
>410 |
||
|
6 |
Жамбыл |
Ашық сұр топырақ |
0,6 |
0,7 |
0,9 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
210 |
>410 |
|
Кәдімгі сұр топырақ |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі күңгірт күрең |
2,5 |
2,8 |
3,3 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Шалғынды сұр |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Таулы қоңыр |
3,7 |
4,1 |
4,9 |
<30 |
48 |
48-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
250 |
>410 |
||
|
7 |
Батыс Қазақстан |
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
8 |
Қарағанды |
Кәдімгі қара топырақ |
3,8 |
4,3 |
4,8 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
240 |
>410 |
|
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
44 |
44-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
13 |
16-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
215 |
>410 |
||
|
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
11 |
12-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
9 |
Қостанай |
Кәдімгі қара топырақ |
3,8 |
4,3 |
4,8 |
<30 |
48 |
48-60 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
250 |
>410 |
|
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
13 |
14-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
10 |
Қызылорда |
Шалғынды-батпақты |
1,4 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
201 |
>410 |
|
Сұр-құба |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Жайылма шалғынды |
1,4 |
1,6 |
1,9 |
<25 |
34 |
34-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
215 |
>410 |
||
|
Ашық сұр топырақ |
0,6 |
0,7 |
0,9 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
11 |
Маңғыстау |
Құба |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
240 |
>410 |
|
Сұр-құба |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
230 |
>410 |
||
|
Шалғынды-батпақты |
1,4 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<110 |
260 |
>410 |
||
|
12 |
Павлодар |
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
45 |
45-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
|
Күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
12 |
13-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
37 |
37-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
11 |
12-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
13 |
Солтүстік Қазақстан |
Кәдімгі қара топырақ |
3,8 |
4,3 |
4,8 |
<30 |
48 |
48-60 |
<10 |
17 |
18-30 |
<100 |
250 |
>410 |
|
Оңтүстік қара топырағы |
2,8 |
3,1 |
3,6 |
<30 |
42 |
42-60 |
<10 |
15 |
16-30 |
<100 |
240 |
>410 |
||
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
37 |
37-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
230 |
>410 |
||
|
14 |
Түркістан |
Кәдімгі сұр топырақ |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
220 |
>410 |
|
Ашық сұр топырақ |
0,6 |
0,7 |
0,9 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Тау етегіндегі күңгірт күрең |
2,5 |
2,8 |
3,3 |
<25 |
38 |
38-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
Сұр-құба |
0,5 |
0,7 |
0,8 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Сұр-қоңыр |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
33 |
33-50 |
<10 |
14 |
15-30 |
<100 |
210 |
>410 |
||
|
Шалғынды сұр топырақ |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
34 |
34-50 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
220 |
>410 |
||
|
15 |
Нұр-Султан қаласы |
Күңгірт күрең |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
<25 |
41 |
41-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
250 |
>410 |
|
16 |
Алматы қаласы |
Таулы қара топырақ |
5,7 |
6,5 |
7,5 |
<25 |
55 |
55-60 |
<10 |
16 |
17-30 |
<110 |
260 |
>410 |
|
Күңгірт күрең |
2,1 |
2,4 |
2,9 |
<25 |
41 |
41-60 |
<10 |
14 |
15-30 |
<110 |
260 |
>410 |
||
|
Ашық күрең |
1,2 |
1,4 |
1,7 |
<25 |
31 |
31-50 |
<10 |
11 |
12-30 |
<110 |
240 |
>410 |
||
|
Шалғынды сұр топырақ |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
<25 |
35 |
35-50 |
<10 |
15 |
16-30 |
<110 |
250 |
>410 |
||
|
17 |
Шымкент қаласы |
Кәдімгі сұр топырақ |
0,8 |
1,0 |
1,2 |
<25 |
32 |
32-50 |
<10 |
16 |
17-30 |
<100 |
220 |
>410 |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасы және 2-тарауы пилоттық режимде қолданысқа енгізілетін Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
4) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
5) қоғамдық кеңестер – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдары коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, байқаушы органдар;
6) уақытша жер пайдаланушылар (бұдан әрі – жер пайдаланушылар) – жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген адамдар;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – жүйелі бақылау нәтижелерін, жер бетіндегі түсірулерді, зерттеп-қарауларды, түгендеулерді, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау материалдарын, мұрағаттық деректерді, жерді қашықтықтан зондтау деректерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтерді енгізу жолымен алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы мәліметтерді, деректерді енгізуге, жинауға, өңдеуге, талдауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
8) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган.
1) егістікте – ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған жер учаскесін өңдеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі;
2) шабындықтарда - жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге де белгілерінің болуы;
3) жайылымдарда - жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың санының «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының (бұдан әрі – Жүктеме нормасы) жиырма пайызынан аз болуы және (немесе) азық дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
4) көпжылдық екпелерде - есептен шығарылған көпжылдық екпелерді күту, егін жинау және тегістеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі жатады.
Жерлерді ұтымды пайдалану бөлігіндегі мониторинг Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының және Жайылымдарды тиімді пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Бұл ретте, веб-порталдың жұмыс істеуін және оны жерді қашықтықтан зондтаудың өзекті деректерімен, жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың деректерімен қамтамасыз етуді веб-порталдың көрсететін қызметтерін жеткізуші жүзеге асырады.
жерді қашықтықтан зондтау;
ақпараттық деректер базасы;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;
жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.
Жер пайдаланушыларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорынан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны жағдайындағы деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш алынады.
Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің, жер балансының және жерді қашықтықтан зондтау бойынша нақты жер пайдаланудың арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мәліметтерді нақтылау туралы сұрау жібереді.
1) ауыл шаруашылығы жерлерін танаптар/жайылымдар тарихы туралы кітаптарды қалыптастыру мәніне талдау;
2) танаптар тарихы кітаптарының толықтығын алдыңғы үш жылдағы, ағымдағы және келесі жылдардағы ауыспалы егістер бойынша деректерді енгізу мәніне талдау;
3) соңғы екі жылдағы егістердің болу/болмау мәніне танаптар тарихы кітаптарындағы деректерді қашықтықтан зондтау деректерімен салыстырмалы талдау;
4) жайылым тарихы кітаптары деректерінің Жүктеме нормасының сақталуы тұрғысынан талдау.
Осы кезеңдерге жер учаскесінің еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдаланылмаған уақыты кірмейді.
3-тарау Ақпараттық технологияларды қолданбай жерлердің пайдаланылуын мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы жасалған шарттың нәтижелері бойынша жерлерді пайдалану, оның ішінде жеңімпаздың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындауын мониторингтеу:
1) жалға алудың алғашқы бес жылында жыл сайын;
2) келесі кезеңдерде: суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарында – әр үш жыл сайын, суарылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарында әр бес жыл сайын жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу кезінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган:
1) тұрақты негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алуды жүргізеді;
2) жыл сайын тиісті күнтізбелік жылдың 15 қаңтарына дейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және келесі күнтізбелік жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және бекітеді;
3) тиісті күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітілген Тізбенің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етеді және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына танысу үшін жолдайды;
4) келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде мониторинг жүргізу процесіне қатысу үшін қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің тізімін қалыптастырады.
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органға;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жөніндегі жұмыстарды жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасына;
3) Тізбеге қосылған жер учаскелері бойынша жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер алу үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органға не құзыретіне сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына;
4) жер учаскелерін жалға алушылардың жерлерді пайдалану бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауы туралы ақпаратты тиісті растаушы құжаттарымен қоса алу үшін оларға сұранымдар жібереді.
Қажет болған жағдайда, қажетті ақпаратты нақтылау және (немесе) белгілеу және оларды осындай жер учаскелері жөніндегі мәліметтерді жинау үшін толықтыру мақсатында жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға сұранымдар жібереді.
1) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде әр жер учаскесі бойынша қорытындылармен және ұсынымдармен бірге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есепті жасайды;
2) мониторинг жүргізгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мониторинг нәтижелері туралы есепті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына орналастырады және оны қоғамдық кеңестерге, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мәлімет үшін жолдайды.
Бұл кезеңдерге жер учаскесін еңсерілмейтін күштің салдарынан мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын уақыт кірмейді.
Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін
ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
1- қосымша
Нысан
Пайдаланылмаған деп белгіленген шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы ақпарат
|
Р/с № |
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның (жер учаскесі иесінің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және орналасқан жері |
Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар |
Жер учаскесіне құқықтыңтіркелген күні |
Танаптың /жайылымның нөмірі |
Танаптың /жайылымның алаңы, гектар |
Жердің пайдаланылмағаны туралы ақпарат (құқық бұзушылық түрі) |
Тапсырылған күні |
Арттырылған салық мөлшерлемесінің мөлшері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
20__ жылғы «__» ____________ сағат ________ жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл шаруашылығы
өндірісін жүргізу үшін берілген
ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерді
пайдалану мониторингін
ұйымдастыру мен
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін есепке алу
гектар
|
Р/с № |
Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Жер учаскесін жалдау шартының № және күні |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің алаңы |
Оның ішінде: |
Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні |
|||||
|
егістік |
Оның ішінде |
жайылым |
шабындық |
өзгелері |
||||||||
|
суармалы |
тәлімі |
|||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарының негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және__________________ жылы мониторингтелуі тиіс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
гектар
|
Р/с № |
Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Жер учаскесін жалдау шартының № және күні |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің алаңы |
Оның ішінде: |
Жер учаскесін жалдау мерзімінің аяқталатын күні |
|||||
|
егістік |
Оның ішінде |
жайылым |
шабындық |
өзгелері |
||||||||
|
суармалы |
тәлімі |
|||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының бар-жоғы туралы мәліметтер
|
Р/с № |
Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы саны, шартты мал басымен |
Оның ішінде: |
|||||||
|
Ірі қара мал |
Шартты мал басына аудару коэфициенті |
жылқылар |
Шартты мал басына аудару коэффициенті |
Қойлар, ешкілер |
Шартты мал басына аудару коэффициенті |
түйелер |
Шартты мал басына аудару коэффициенті |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
мен жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және көпжылдық шөптерді егуді қоса алғанда, егу жұмыстарын жүргізуі туралы және таза сүрі жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтер
|
Р/с № |
Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде егістік, гектар |
||
|
егілген |
таза сүрі жер |
|||||
|
ауыл шаруашылығы дақылдары |
көпжылдық шөптер |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шаруа немесе фермер
қожалығын,
ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді пайдалану
мониторингін ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мониторингтеу нәтижелері туралы есеп
|
Р/с № |
Жер пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
Жер пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Жер учаскесін жалдау шартының № және күні |
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің алаңы, гектар |
Оның ішінде егістік, гектар |
||||
|
Барлығы |
ауыл шаруашылығы дақылдары егілген |
көпжылдық шөптер егілген |
таза сүрі жер |
мақсаты бойынша пайдаланылмайтын |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
Оның ішінде жайылымдар |
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны |
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының пайызы |
Пайдаланылмай жатқан жайылымдар алаңы, гектар |
Мониторинг нәтижелері туралы қорытынды |
Ұсынымдар |
|||
|
ірі қара мал |
жылқылар |
қойлар, ешкілер |
түйелер |
|||||
|
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі