Алматы облысы жер қатынастары басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпараты Облыстың жер қоры 22 млн357 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде егістігі - 1 млн 040мың гектар, оның суарылмалысы - 478 мың 1гектар, көп жылдық екпелер - 30 мың 260 гектар, тыңайған жерлер - 145 мың 803 гектар, шабындық - 458 мың 635 гектар, жайылым - 13 млн 624 мың гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8,6 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 986,7мың гектар, оның суарылмалысы –438,9 мың гектар, көп жылдық екпелер –21,1 мың гектар, тыңайған жерлер – 98,1 мың гектар, шабындық –189,7 мың гектар, жайылым – 7,2 млн. гектарды құрайды. Облыста шаруашылық субъектілерінің саны 59 563 құрайды (оның ішінде шаруа қожалықтары – 57885, АҚ, ЖШС – 1423, өндірістік кооперативтер – 144, ҒЗИ, мекемелер және оқу орындары – 37, басқа қосалқы кәсіпорындар – 22, басқа мемлекеттік кәсіпорындар - 52). Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 162 738өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген. Ағымдағы жылы жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға алаңы366,8га құрайтын2581жер учаскесі берілді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда. 2021 жылы 76 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Аталған мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді. Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша Облыстың босалқы жерлерінде 4,6 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары бар. Облыста 2021 жылы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 19 конкурс өткізілді. Конкурста 149,2мың га құрайтын 801 жер учаскесі табысталды. Жер учаскелеріне құжаттық түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі тапсырмасына және 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 санаттағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру барысында анықталған сандық және алаңдық алшақтықтар толығымен жойылып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы өзектілендірілді. Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру бойынша Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдармен қор жерлерінен 542,7 мың га алаңда жұмыс істеп тұрған қоғамдық жайылымдарға 637,3 мың га жайылым қосымша бекітілді. Атап айтқанда, Ақсу - 126,4 мың га, Алакөл - 46,0 мың га, Балқаш - 62,0 мың га, Жамбыл - 12,5 мың га, Еңбекшіқазақ - 58,0 мың га, Іле - 4,3 мың га, Қаратал - 29,1 мың га, Қарасай - 4,2 мың га, Көксу - 5,0 мың га, Панфилов - 74,5 мың га, Кеген - 54,5 мың га, Райымбек - 20,6 мың га, Сарқан - 67,7 мың га, Ескелді - 5,3 мың га, Ұйғыр аудандары - 4 9,7 мың га және Қапшағай - 0,6 мың га, Талдықорған - 2,6 мың га, Текелі қалалары - 1,1 мың га. Орман қоры жерлерінен 18,8 мың га шабындық учаскелер 567 пайдаланушыға берілді, 5,6 мың тонна шөп дайындалды. Бұдан бөлек, орман қоры жерлерінен барлығы 964,4 мың га жайылым (2007 жер пайдаланушы) берілді. Ағымдағы жылы жергілікті халықтың 580,1 мың бас малы төленді (маусымдық жайылымдар). Автомобиль жолдарының құрылысына түсетін жер учаскелерін алып қою бойынша Облыста алынатын учаскеде орналасқан жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтей отырып, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюды талап ететін бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Шамалған станциясының айналма (РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы (Қостанай, Нұр-сұлтан, Қарағанды арқылы) 2453 - 2446 км (42 - 49 км) жолын салуға жер бөлудің жалпы қажеттілігі 2 аудан бойынша 38 учаске (39,49 га)(Қарасай ауданында 26, Іле ауданында 12 жер учаскесі). Қарасай ауданында 1 жер учаскесінің меншік иесі өтемақы сомасымен келіспеді. Материалдар сот органдарына жолданды (көлемі 5,5га, сомасы 9,0 млн. теңге). Автомобиль жолының құрылысына түсетін Іле ауданындағы алаңы 5,9 га құрайтын4 жер учаскесін сатып алу үшін 209,7 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Іле және Қарасай аудандарында 6 радиалды жол салу (Сайын, Рысқұлов, Ақын Сара, Абай, Тілендиев, Солтүстік жарты шеңбер көшелері). «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы бойынша 6 радиалды автомобиль жолының жобалау жұмыстары жүргізілуде. Саин көшесінің құрылысы үшін жер сатып алу жұмыстары аяқталды (36,3 га 36 учаске). Қалған 5 радиалды жолдың құрылысына 458 жер учаскесі (97,9 га) жатады. Жергілікті бюджет есебінен Абай көшесінің (Қарасай ауданы) құрылысына түсетін жер учаскелерін сатып алу үшін 202 млн.453 мың теңге бөлінді. Абай көшесінің құрылысына алаңы 13,97 құрайтын 80 жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін сатып алуға жатады. Бүгінгі күні алаңы 0,8 га құрайтын 12 жер учаскесінің меншік иелерімен сатып алу-сату шарты жасалып, 253,2 млн. теңге көлемінде қаражат төленді. 5 көшенің құрылысына түсетін жер учаскелерін сатып алу үшін 3,5 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. 2022 жылға жергілікті бюджеттен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алуға 887,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде Солтүстік жартылай айналым көшесіне (Іле ауданы) 300,0 млн.теңге және Абай, Рысқұлов көшелеріне (Қарасай ауданы) 587,4 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша 2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді. Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген. Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды. Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады. Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі. Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. 2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды қамтамасыз етудің базалық референц станцияларының 7 кешені орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді. Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері). Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасымен бірлесіп шығарылатын өнім тізбесімен шағын және орта бизнес субъектілерінің дерекқорына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алматы облысының мемлекеттік қызметтердің геоақпараттық порталына сілтемесі: https://alm.rgis.kz/web. Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. беру бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады. ӨГАЖ дайындығы - 100% құрайды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган (ҰҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне толық тексеру жүргізді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері Алматы агломерациясының аймағына кіретін 5 аудан орталықтарында (Есік,Талғар, Қаскелең қалалары және Өтеген батыр, Ұзынағаш ауылдары) жүргізілуде. 2022 жылы жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері ҮАААЖ ішіндегі Алматы агломерациясының аймағына кіретін 47 ауылдық елді мекенде, 185 саяжай қоғамында (Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар аудандары және Қапшағай қаласында)жүргізілетін болады.