1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі –
мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.