Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
Заңы 21-бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тәртібін анықтайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен жүргізіледі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері - мемлекеттік органдар,
квазимемлекеттік сектор субъектілері қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні белгілі бір салада өзара іс-қимыл тәртібін
реттейтін мемлекеттік органның (мемлекеттік органдардың), ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің қызметі болып табылады.