Алматы облысы жер қатынастары басқармасының
2021 жылдың 2-тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпараты
Облыстың жер қоры 22 млн 357 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде егістігі - 1 млн 039 мың гектар, оның суарылмалысы - 476 мың 5гектар, көп жылдық екпелер - 30 мың 246 гектар, тыңайған жерлер - 144 мың 693 гектар, шабындық - 458 мың 303 гектар, жайылым - 13 млн 702 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8,3 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 986,4мың гектар, оның суарылмалысы - 437 мың 4 гектар, көп жылдық екпелер - 21 мың 1 гектар, тыңайған жерлер – 88 мың 3 гектар, шабындық - 183 мың 7 гектар, жайылым – 6 млн 9 мың гектарды құрайды.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 162 102 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Облыста 2021 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 4 конкурс өткізілді. Конкурста 12,8 мың га құрайтын 137 жер учаскесі табысталды.
Жер учаскелеріне құжаттық түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша
Мемлекет Басшысының 2016 жылғы 09 қыркүйектегі тапсырмасына және 2017-2021 жылдарға арналған жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 санаттағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген тексеру барысында анықталған сандық және алаңдық алшақтықтар толығымен жойылып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасы өзектілендірілді.
Шамалған станциясының айналма жолын салу жобасы бойынша
Шамалған станциясының айналма жолын салуға жер бөлудің жалпы қажеттілігі 2 аудан бойынша 38 учаске (39,49 га)(Қарасай ауданында 26, Іле ауданында 12 жер учаскесі).
Облыс әкімдігімен 2020 жылға жергілікті бюджеттен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін сатып алуға 200 млн.378 мың теңге бөлінді.
Қарасай ауданында 7 жер учаскесінің меншік иелері өтемақы сомасымен келіспеді. Материалдар сот органдарына жолданды (көлемі 5,7 га, сомасы 15,3 млн. теңге).
Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысында көлік жолайрығы жобасын салу бойынша
Барлығы 16 жер учаскесі (ауданы 2,0316 га) сатып алуға жатады. Аталған жер учаскелерінің бағалау құны 603 млн.081 мың теңгені құрайды.
Жергілікті бюджет есебінен жер учаскелерін сатып алу үшін 601 млн.081 мың теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Іле және Қарасай аудандарында 6 радиалды жол салу (Сайын, Рысқұлов, Ақын Сара, Абай, Тілендиев, Солтүстік жарты шеңбер көшелері).
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы бойынша 6 радиалды автомобиль жолының жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Саин көшесінің құрылысы үшін жер сатып алу жұмыстары аяқталды (36,3 га 36 учаске).
Қалған 5 радиалды жолдың құрылысына 451 жер учаскесі (93,8 га) жатады.
Жергілікті бюджет есебінен Абай көшесінің (Қарасай ауданы) құрылысына түсетін жер учаскелерін сатып алу үшін 202,5 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.
Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.
Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.
Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі, Қапшағай) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды қамтамасыз етудің базалық референц станцияларының 7 кешені орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.
Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасымен бірлесіп шығарылатын өнім тізбесімен шағын және орта бизнес субъектілерінің дерекқорына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Алматы облысының мемлекеттік қызметтердің геоақпараттық порталына сілтемесі: https://alm.rgis.kz/web.
Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. беру бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.
ӨГАЖ дайындығы - 100% құрайды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган (ҰҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне толық тексеру жүргізді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері Алматы агломерациясының аймағына кіретін 5 ауданда (Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандары) жүргізілетін болады.