2019 жылға арналған бюджеттің орындалуы

2019 жылы облыстық бюджеттен 001 "Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер" бағдарсы бойынша 60 109,0 мың ақша қаражаты бөлінген. Бұл бағдарлама басқару аппаратын 18 штаттық бірлігін және 5 техникалық персоналды ұстауға бағытталған. Бөлінген қаражат толығымен игеріледі.

010 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 414 ерекшелігі бойынша 2 500,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толығымен игеріледі.

003 «Жер қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша кадастрлық карта бөлігінде мемлекеттік жер кадастры бойынша мәліметті ұсынуға 7 062,0 мың теңге бөлінді.Бөлінген қаражат толығымен игеріледі.

Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының аумақтық (облыстық) кеңістіктік деректер базасын қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарына 507 867,0 мың теңге бөлінді. Ашық конкурс арқылы «Гео Карта»ЖШС-сі келісім – шарт жасалынды.Бөлінген қаражат толығымен игеріледі.

011 «Облыстық бюджеттерге мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 2019 жылға Алматы облысы бойынша «Алматы-Бішкек» «БАКАД» автомобиль жолдарының құрылысына мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерінің сатып алу үшін республикалық бюджеттен 532 658,0 мың теңге бөлінді.

«Алматы-Бішкек»автомобиль жолының құрылысына түсетін 13 жер учаскесі 404 688,0 мың теңгеге сатып алынды.

«БАКАД» автомобиль жолдарының құрылысына түсетін 3 жер учаскесі 127 970,0 мың теңгеге сатып алынды.Бөлінген қаражат толығымен игеріледі.

2019 жылға арналған бюджеттің орындалуы
Дата публикации
21 февраля 2020