Облыстың жер қоры 22 млн 357 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде егістігі - 1 млн 039 мың гектар, оның суарылмалысы - 476 мың 5 гектар, көп жылдық екпелер - 30 мың 246 гектар, тыңайған жерлер - 144 мың 693 гектар, шабындық - 458 мың 303 гектар, жайылым - 13 млн 702 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 8,3 млн.га құрайды, оның ішінде егістігі – 986,4 мың гектар, оның суарылмалысы - 437 мың 4 гектар, көп жылдық екпелер - 21 мың 1 гектар, тыңайған жерлер – 88 мың 3 гектар, шабындық - 183 мың 7 гектар, жайылым – 6 млн 9 мың гектарды құрайды.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 154 211 өтініш тіркелген. Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы мен Алматы қаласының маңындағы аудандарда тіркелген.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.