
Бөлім өз қызметін бөлімнің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің функциялары болып табылады: жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру, облыс жерлерінің балансын жасау, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын конкурстар арқылы беріледі.
Өтінімге конкурстық ұсыныс қоса тіркеледі, онда бизнес-жоспар, жерді пайдалану міндеттемелері және заң талаптарын сақтау бойынша шаралар көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 97-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың далалық телімдерінде ауыл шаруашылығын, оның ішінде аквакультураны жүргізумен байланысты емес нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлерді (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді.