Алматы облысында жастардың қатысуымен
тарихи ескерткіштер аумағын абаттандыру акциясы өтті
Жамбыл ауданында жастардың қатысуымен тарихи ескерткіштер аумағы абаттандырылды
2026 жылғы 11 тамызда Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сұраншы батыр мен Саурық батыр ескерткіштерінің аумағын тазалау және абаттандыру бойынша акция өтті.
Іс-шараға жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және аудан тұрғындарынан құралған 150-ге жуық адам қатысты.
Акция барысында қатысушылар ескерткіштер аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, шөп шабу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жастардың белсенді қатысуы туған жердің тазалығын сақтауға және тарихи-мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарауға бағытталды.
Сонымен қатар жастар арасында тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи тұлғалардың ел тарихындағы рөлін насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға Сұраншы батыр мен Саурық батырдың ерлік жолы, ел қорғаудағы тарихи орны және олардың өнегесінің кейінгі ұрпақ үшін маңызы туралы ақпарат берілді.
Аталған акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, тарихи ескерткіштерді сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және туған өлкенің тарихи мұрасына деген құрметті нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығына, тарихи жадты сақтауға және аға буынның өнегесін жас ұрпаққа жеткізуге ерекше мән берілді.
#ТазаҚазақстан #Жастар #ҰлттықҚұндылық #Отансүйгіштік #ТуғанЖер #ТарихиМұра #ТазаҚазақстан #Жастар #ҰлттықҚұндылық #Отансүйгіштік #ТуғанЖер #ТарихиМұра
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданы тұрғындары арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылады.
Байқаудың ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі «Жетісу жастары ұйымының Конгресі » қоғамдық бірлестігі
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Байқаудың шарттары мен өткізілу тәртібі:
- Іріктеу кезеңі: 8-15 маусым аралығында ішкі саясат бөлімінде өтеді. Жұмыстар 15 маусым күнгі сағат 17:30-ден кейін қабылданбайды.
- Қорытынды кезең: 23 маусым күні аудандық әкімшілікте өтеді.
- мәтінде аталған қандай да бір фактілердің дұрыстығы;
- авторлық көзқарас, шыншылдық, айтылған ойдың эмоционалдығы, безендіру шеберлігі, қызық идеялар мен жарқын бейнелердің болуы;
- мақаланың құрылу тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.);
- мәтін құрылымының сақталуы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)
Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
- Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін Қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы тарап анықтап, бекітеді.
- Байқау қорытындысы бойынша Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділқазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.
- Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Бағалау көрсеткіші 5-10 балл аралығы.
- Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау
- Байқау қорытындысы аудандық «Атамекен» газетіне, әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады, 23 маусым күні өтетін шарада марапатталады.
Ұсынылатын материалдар мына мекен-жайға жолдануы тиіс:
Алматы облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл аудандық Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі 56 (аудандық әкімдік ғимараты).
Байланыс телефондары: 8(72770) 2-13-55, 2-24-31.
e-mail: ovp_zhambyl77@mail.ru
Қосымша ақпарат:
Байқауға қатысушылар төмендегі кестені толтырып, қосымша ақпараттарды (жеке куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты мекен-жай анықтамасы) жұмысымен бірге өткізуі тиіс.
Үлгі
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Туған күні, айы, жылы |
Ауданы, жұмыс орны |
Эл. пошта |
Байланыс телефоны |
|
1. |
Бекжанова Акмарал Айдарбекқызы |
03.12.1998ж |
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы |
bekezhanovaakmaral@gmail.com |
87788111111 |
Үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына арналған хабарлама
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына ұсынудың жаңа мерзімі басталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, бұл мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылуы тиіс.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қабылдау «infonpo.gov.kz» мекенжайынан автоматты түрде қайта бағыттау арқылы жаңа «esep.govtec.kz» цифрлық платформасында жүзеге асырылады. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына ұсынады.
Сонымен қатар, жаңа порталдың жұмыс істеу барысында туындаған техникалық ақауларға байланысты ҮЕҰ дерекқорына есептерді қабылдау уақытша тоқтатылды.
Осыған байланысты, техникалық ақау актісінің және ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінің негізінде ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен (немесе) жобаларды іске асыру конкурстарына қатысудың, сондай-ақ ҮЕҰ-ға арналған сыйақыларды алудың міндетті шарты болып табылады.
Мәліметтер ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорының интернет-порталы арқылы ұсынуға болады: https://esep.govtec.kz/npo (интернет-порталда авторизация заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырылады).
Интернет-порталға кірген кезде порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі көрсетілген нұсқаулық қолжетімді.
Назар аударамыз, ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынбағаны, уақтылы ұсынбағаны немесе дұрыс емес, не көрінеу жалған мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Құрметпен,
«Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.
Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.
«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.
Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.
Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
🟦 Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
📅 20 наурыз 2026 жыл
📍 Ұзынағаш ауылы
Жамбыл ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан – ортақ міндет!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Шара барысында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, кейін санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері және аудан тұрғындары бар.
Кездесудің мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыру және тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына тарту.
Іс-шара барысында Ұзынағаш медициналық колледжінің директоры Ильдар Юлдабаев сөз сөйлеп, тазалық – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
Кездесу соңында колледж аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.
Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.
Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.
Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.
Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.