«Таза Қазақстан» акциясы Жамбыл ауданы бойынша өз жалғасын табуда.
Бүгін ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Жамбыл ауданы Қаракастек ауылының Сүйінбай Аронұлы атындағы музейінің алаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық жобасының «Таза бейсенбі» тақырыбы аясында экологиялық акция өтті. Акцияға ауданның қоғамдық пікір көшбасшылары, музейдің жұмысшылары, жастардың қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам адам қатысты.
Ақция аясында музей алаңы тазаланып, 0,5 тонна көлемінде қоқыс тазаланды.