
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2,4-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 12-19 ақпан аралығында Алматы облысы Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау шаралары келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
- бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастыру-басқару қызметіне;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда, бөлім басшысының орынбасары Тлеубердиева Гульсара Исабековнаға +7 700 993-38-58 байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыздар.