
Жамбыл ауданы бойынша қар тазалау жұмыстары жүргізілді
Екі күн толассыз жауған қалың қар - автомобиль және жаяу жүргіншілер жолын басып қалды. "КазАвтоЖол" мекемесі ауылдардың ішкі көшелерін түннен бері күрттік қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Жалпы ұзақтығы 593,8 км жол тазаланды. Қар тазалау жұмыстарына 24 техника, 43 жұмысшылар жұмылдырылды.
Айта кететін болсақ, бірінші кезекте көлік көп жүретін орталық көше жолдары тазаланды.