
22.05.2023ж. мәдениет үйінде Жамбыл ауданының 2023 жылғы I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін саралайтын кезекті мәжіліс отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімі, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депуттары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер әкімдері, мектеп директорлары, мемлекеттік бала-бақша меңгерушілері қатысты.
Алқалы мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1) 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы;
2) білім саласындағы өзекті мәселелер туралы.
Аталған екі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы және аудандық білім бөлімінің басшысы баяндама жасап, әр саладағы жетістіктер мен кемшіліктерді қатар атап өтті.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім саласындағы бірқатар көрсеткіштердің былтырғы жылмен салыстырғанда төмен деңгейде екенін сынға алды.
Сондай-ақ, ауданда қылмыстың саны былтырғы жылмен салыстырғанда өскені белгілі болды. Орын алған қылмыстың ашылу көрсеткіші 75.6% дан 60.3% ға төмендеген.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың төмендемей тұрғаны айтылды.
Аудан әкімі әсіресе білім беру ұйымдарына ерекше басымдық беру керектігін атап өтті.
Барлық сала бойынша аталған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін білім бөлімінің басшысына, аудан әкімінің орынбасарларына нақты тапсырмалар берді.