Жария тыңдау өткізу уақыты мәслихат депутаттары сайланғаннан кейін өтеді.
Құрметті отандастар!
Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі болашақ атом электр станциясының орналасқан жері бойынша жария тыңдау күнін кейінге қалдыру туралы хабарлайды. Барлық мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Алайда, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындалуына байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат құрамы қалыптастырылғаннан кейін Жария тыңдаулар өткізу туралы шешім қабылданды.
Тыңдаулар өткізудің күні мен уақытын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша жарияланатын болады.
Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі.