ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болады

ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болады

Қазір ХҚО-да кезекте тұрып, уақытыңызды жоғалтпау үшін ХҚО-ға барарда алдын ала кезекті брондауға болатынын білесіз бе?

❗Бұл қызмет egov.kz электронды порталы және телеграм бот EgovKzBot2 арқылы қолжетімді. Ол үшін:

✅Еgov.kz электронды порталына кіріп немесе телеграм бот EgovKzBot2 арқылы «ХҚО-ға кезекті брондау» тетігін басыңыз; ✅өзіңізге ыңғайлы, жақын орналасқан ХҚО бөлімін таңдаңыз;

✅ЖСН нөмірін енгізіңіз;

✅«Келуді жоспарлау» тетігін басып, тізімдегі қажетті қызметті таңдап, келу күні мен уақытын көрсетіңіз; ✅Соңында кезекті онлайн брондаудың өткені жөніндегі хабарлама келуі тиіс.

❗ХҚО-ға келгенде жеке куәлігіңіз бен бронь нөмірі бар талонды ұсыну жеткілікті.

#мен сияқты жаса #цифрлы Қазақстан