
Алматы облысының «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпазы анықталды
▪︎Өңірлік конкурстық комиссияның бірауыздан шешімімен Алматы облысының атынан республикалық іріктеуде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бақыт Рыскелдіұлы Бейсенбеков қатысады.
▪︎«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.
▪︎Конкурсқа қатысу үшін ауылдық округ әкімдерінен 6 өтінім берілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып, іріктеу кезіндегі маңызды құрамдас бөлігінің бірі әкімнің жұмыс тиімділігіне қанағаттану деңгейі, диалог құру қабілеті мен өзекті міндеттерді шешу жеделдігі болды.