
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды.
"Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімін беруді қолдайтындығын хабарлады.
«Біз ұлан ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы Қапшағай халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын», — деді президент.