Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы «8» тамызда  болған Алматы облысы Жамбыл  ауданы Үлкен   ауылдық округі әкім сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының  хаттамасы негізінде Жамбыл аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1966 жылы туған, Жамбыл ауданы Қарғалы  ауылында тұратын Қарасай ауданы әкімі аппаратының инспекторы Қасенов Кенжемұрат Болатұлы Алматы облысы Жамбыл  ауданы Үлкен   ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.

2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Тиісті куәлік берілсін.

  

Сайлау комиссиясының төрағасы                                        Е.Тулибеков

Сайлау комиссиясының хатшысы                                        С.Манкеева