
Сонымен, Кезекті Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестегі мемлекет басшысының цифрлық технологияларды максималды қолдану тапсырмасына сәйкес және COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін, 45 күн онлайн форматта, ал 1-30 қазан аралығында планшетпен интервьюерлер аралайды. Және 31-қазаннан 7 қараша аралығында бақылау жұмыстары жүргізіледі, респонденттердің 10%-ын аралап, деректердің қамтылуы мен дәйектігін тексеру үшін.
Өткізілетін Ұлттық санақтың жаңалығы заманауи цифрлық технологиялар және процестерге автоматтандыру енгізу болып табылады. Халықтың деректерін жинау процессі жоғарыда айта кеткендей екі әдіспен жүргізілетін болады. Бірінші әдіс -sanaq.gov.kz мамандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттер, санақты өз бетінше өзіне және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік беретін интернет-сауалнама арқылы өтеді. Жоғарыда аталған сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегінен қазан айының 15-не дейін тәулік бойы жұмыс істейді.
Екінші түрі ол, санақты онлайн режимде өтпеген репонденттер арасында жалпылама түрде электронды планшетпен интервьюерлер өткізеді. Бұл екі турлі әдістер санақ қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге, ЖСН қолдана отырып алынған деректерге адам факторының әсерін барынша азайтуға, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге мүмкіндік береді.