
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы «25» шілдеде болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округі әкім сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1991 жылы туған, Жамбыл ауданы Сарыбастау ауылында тұратын Үлгілі ауылының ветеринарлық нүктесінің менгерушісі Батырбаев Турар Болатқанұлы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлгілі ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Тиісті куәлік берілсін.
Сайлау комиссиясының төрағасы Е.Тулибеков
Сайлау комиссиясының хатшысы С.Манкеева