
Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2021 жылғы «25» шілдеде болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылдық округі әкім сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1965 жылы туған, Жамбыл ауданы Шиен ауылында тұратын Шиен ауылдық округі әкімі Иманбаев Еркін Жайлаубайұлы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Тиісті куәлік берілсін.
Сайлау комиссиясының төрағасы Е.Тулибеков
Сайлау комиссиясының хатшысы С.Манкеева