Жамбыл ауданында ұлттық санаққа дайындық кезеңі аяқталды

Жамбыл ауданында ұлттық санаққа дайындық кезеңі аяқталды

Жамбыл ауданында ұлттық санаққа дайындық кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттардың тізімін және ондағы адамдардың санын нақтылау жұмыстары жүргізілді. Осы аталған жұмысты аудан бойынша   6 нұсқаушы-бақылаушы   және 36 интервьюер атқарды. Халық санағының дайындық  кезеңінде жасалған тізімдер санақтың негізгі кезеңін өткізу үшін  аудандастыруға пайдаланып, әрбір елді мекенде  нұсқаушылық және есептік учаскелер құрылады.