VII шақырылған Жамбыл аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Жамбыл ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 103490 азамат енгізілді,  оның ішінде 72472 адам немесе 70,03 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 74272 адам қатысты, оның ішінде  дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 568 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 3 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы – 65493 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар  дауысының 90,5 %;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6809 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  9,4% ;

«ADAL» саяси партиясы – 103 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,1%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:

«Nur Otan» партиясы – 19 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –2 мандат.

Жамбыл аудандық  сайлау комиссиясы