
Есебі сенімді елдің – еңсесі биік.
Статистиканың ғасырлар бойы тарихы, тәжірибесі зор сала. Мемлекеттік статистика – арнайы статистикалық мәліметтерді жинақтау, қорытындылау болып табылады. Қазақстандағы бірінші ресми статистикалық орган - 1868 жылғы 22-қаңтарда құрылған Түркістан губерниялық статистикалық комитеті болып табылады. Бұл органға Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар ведомстволық қарасты болды. Кейін елде Орал, Семей, Ақмола және Торғай облыстық статкомитеттері пайда болды, алайда 1920 жылға дейін жергілікті қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ. Қазақстан статистикасының тамыры тереңде жатыр. Тұңғыш Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны тарихи растайтын статистикалық мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 миллионға жетті. Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26 тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен "Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.1955-1965 жылға дейін статистикалық ақпараттарды жинап, қорыту мамандары аудандық атқару комитетінің құрамында отырған. 1987 жылдан 2009 жылдың қазан айына дейін Жамбыл аудандық статистика бөлімі болған. 2009 жылдың қараша айында Алматы облысы Жамбыл ауданының статистика басқармасы ретінде құрылған. Бүгінгі күнде аудандық көлемде статистикалық жұмыстар жүргізілуде, біздің қоғамымызда, сонымен бірге статистика саласында көп өзгерістер және қайта құрулар өткен. Экономикалық қайта құруларға байланысты жұмыс істейтін заңды және жеке тұлғалар саны көбейді және олардың қызметтерінің түрін бақылау ерекше назарға алынды. Республикамыздың халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты статистика саласында статистикалық бақылаулардың көптеген түрлері мен әдістері қолдануда.
Жамбыл аудандық Статистика басқармасы Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік Статистика туралы” Заңына және “Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы ” Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының мақсатына орай 2021 жылғы халық санағына дайындық ретінде халық санағына ауданның барлық әкімшілік – аумақтық бірліктер мен бөлімдерді жұмылдыруды қарастыру, санақтың мақсат- мүддесін осы құрылымдарға жеткізуді іс жоспарына енгізіп отыр. Яғни әкімшілік – аумақтық бөлініс бірліктері бойынша елдің демографиялық, әлуметтік-экономикалық дамуын саралап, салыстыру, халықтың сандық, сапалық құрамын анықтап, болашаққа экономикалық болжам жасау үшін әр құрылым өз құзыры шеңберінде қызмет атқарады. Ал, статистикалық құрылымдар бекітілген статистикалық регламент жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді. Жамбыл ауданы – Алматы обылысының оңтүстік батысында орналасқан, орталығы Ұзынағаш ауылы, 1928 жылы құрылған жер аумағы 19,3 мың км2. Жамбыл ауданы аумағында 61 елді мекен, 24 ауылдық округ бар, 2020 жылдың 1-қазанына халық саны 170400 адам.
Аудан әкімі Алиев Бағдат Байшалұлы статистика саласын әрқашанда өз назарында ұстап отырады, сондықтан аудандық статистика басқармасы өз жұмыстарын аудандық әр сала бөлімдерімен бірлесіп атқарады. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Статистика басқармасын білікті маман Абдимолдаева Гүлнар басқарып отыр, 5 мемлекеттік қызметкер бар, олар бас маман Масабаева Алтынай, жетекші мамандар Капарова Рабиға, Масғұт Күміс, Жунилбекова Асел, Нұрмаханов Жандос жұмыс істейді. Сонымен бірге еншілес кәсіпорын саласының жетекші маманы Рысменді Айгерім жұмыс істейді. Жамбыл ауданы Статистика басқармасында көп жылдар бойы қызмет еткен статистика ардагерлерінің бірі Даурембаева Манаткуль Ибраимқызы, ол 1975 жылдан 2012 жылдар аралығында 37 жылдан астам статистикаға еңбек еткен, Статистика саласында ерең еңбегі үшін еңбек ардагері атты марапатпен марапатталды, ал қазіргі таңда құрметті зейнеткер және де сондай жандардың бірі Арықбалаева Ботакөз Ашимовна,статистика саласында 10 жылдан астам еңбек еткен.
Алда келе жатқан үлкен мереке Қазақстан Республикасы Статистикасының 100 жылдық мерейтойымен статистика саласында қызмет атқарып жүрген мамандарды құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, отбасында береке бірлік тілейміз!