Меню

Страницы

Статья

Салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы

Салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы»
2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 19, 212-баптарын басшылыққа ала отырып, салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, келесі нысандардың ұсыну мерзімін 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзарту:

  • корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
  • жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
  • жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация
    (230.00 нысан);
  • көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
  • қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
  • жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
  • тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
  • бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация
    (920.00 нысан).

МКБ басшыларына осы түсіндірмені салық төлеушілердің назарына жеткізуді тапсырамын.

Жамбыл ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
26 марта 2020
Дата обновления
26 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы