Меню

Страницы

Статья

egov.kz порталының қызметтерін пайдалану

Достар, egov.kz порталының қызметтерін пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшін ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкімет порталын бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгізіп, жасырын сөзді толтыру керектігін біледі. Бүгінде порталға кірудің тағы бірнеше жолы іске қосылған. Сонымен, келесі ақпаратқа құлақ түріп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

✅ Бір жолғы жасырын сөз Бұл әдіспен порталға кіру үшін ЖСН нөмірін теріп, ұялы телефон нөмірін толтыру қажет. Аталған әдісті мобильді азаматтар базасында тіркелгендер пайдалана алады.

✅Электронды цифрлық қолтаңба ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

✅QR-код QR-код – порталға кіру үшін жасалған жаңа әдістің бірі. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кіре алады. Егер өзіңізбен бірге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдіспен порталға оңай кіруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгісі арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бірден қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.

Дата публикации
19 февраля 2020
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы