Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру «Мерейлі отбасы» туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Отбасы мəртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысқан (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тəлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық деңгейде.
Конкурсқа қатысу үшін берілетін өтінім қағаз жəне электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға тапсырылады. Ол мынадай құжаттар: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куəландыратын
құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куəліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уəкілетті органның кəмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куəліктің көшірмесі; 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куəліктің
көшірмесі (болған жағдайда); 5) балаларды тəрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куəландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) заңды жəне (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі); 7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куəландыратын құжаттардың көшірмелері; 8) дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге келісім.
Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Барлық мəліметті аудандық (қалалық) ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
Тел: 2-13-55, 2-24-31.

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
19 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы