Меню

Страницы

Статья

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында атқарылған жұмыстар қорытыланды

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫЛАНДЫ

 

Бүгін "Protecting business and investments" жобасы аясында Алматы облысында 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығару мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ZOOM форматында кездесу өтті.

2018 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Kazakh Invest "ҰК" АҚ және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қазіргі уақытта жаңа серпін берген "Protecting business and investments" жобасын іске асыруда.
Негізгі мақсат-бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін олардың қызмет үдерістерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы арттыру.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің туындаған проблемаларын шешуде құқықтық алаң шеңберінде көмек көрсетуге Алматы облысының барлық аудандық және қалалық кәсіпкерлік бөлімдері бағдарланған.

Бірқатар ірі инвесторлар "Protecting Business and Investments"жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылу туралы шешім қабылдады. Олардың ішінде облыстың ірі кәсіпорындарының басшылары: "Джи Ти АЙ Қазақстан" ЖШС, "Лукойл Лубрикантс Центральная Азия" ЖШС, "Империя Фуд" ЖШС, "Көксу қант зауыты" ЖШС, "Прима Кус" ЖШС, "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС, "Единый Консолидирующий центр" ЖШС, "Универсал" ЖШС және басқалары.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы инвестициялар сомасы шамамен 700 млрд.теңге болатын 55 бизнес-жоба бар, оның ішінде 2020 жылы 28 келісімге қол қойылды, олар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 174,5 млрд. теңгені құрады.
Жобалардың 50% шетелдік инвесторлардың салымы. Қытай, Ресей, Жапония, Германия, Түркия және басқа елдер кеңінен ұсынылған. БАӘ, Польша, Нидерланды және басқа да елдердің бизнесмендерінің қатысуын атап өтемін.

Жоба аясында кәсіпкерлер мен инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні 123 өтініш қаралып, 115 өтініш бойынша тиісті көмек көрсету шаралары қабылданды.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері жиі жүгінетін проблемалық мәселелер зерттелді.
Олар негізінен салық салуға, жоспардан тыс тексерулерге және жер қатынастарына қатысты.
Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау, сөзсіз, негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Дата публикации
21 января 2021
Дата обновления
21 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы