Жемқорлықтың сипатты белгісі (23.12.2020)
Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.Кең тараған сыбайлас жемқорлық, әділетті жазасын алмаған қылмыскерлермен ауыз жаласқан мемлекеттік қызметкерлерді көргендер арасында шектеп шыққан арсыз келісімнен позиция туғызады.Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.Сыбайлас жемқорлық экономикалық субъектілердің шығындарын көбейтеді, бұл тұтыну бағасын және тарифтерді өсіреді.Сыбайлас жемқорлық басқару органдарын ғана бұзып қоймай, әр түрлі корпорациялардың басқару аппаратын да ірітеді. Жалпы басқару тиімділігі төмендейді – мемлекеттік те, коммерциялық та.Жемқорлықтың сипатты белгісі лауазымды тұлғаның әрекеті мен және оның жұмыс берушісі арасындағы дау-дамай немесе таңдаулы тұлғаның әрекеті мен қоғам мүддесі арасындағы дау-дамай болуы мүмкін. Жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлғаның іске асыратын алаяқтығымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыс санатына жатқызылады.
Жамбыл ауданы бойынша МКБ