Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ  журналистерге арналған онлайн-семинар өткізді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БЖЗҚ  журналистерге арналған онлайн-семинар өткізді

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарды Қор қызметтері, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы үнемі хабардар етіп, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде қаржы журналистикасы мектебін биыл бесінші рет өткізді.

Мектептің мақсатты аудиториясы – журналистер, блогерлер мен журналистика факультетінің студенттері. Себебі, олар БЖЗҚ-ға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде көмек көрсетіп келеді. 

Биылғы іс-шара коронавирус  індетіне байланысты онлайн пішімде өтті. Соған қарамастан онлайн-мектепке  60-тан астам қазақ және орыс тілді баспасөз өкілдері жиналды.

Қаржы журналистикасы мектебі бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды. Олар: Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі, қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері; жеке зейнетақы шотын ашудан бастап төлемдерді рәсімдеуге дейінгі зейнетақы жинақтары; зейнетақы калькуляторының көмегімен болжамды зейнетақыны жоспарлау және есептеу; Қазақстандағы демографиялық үрдістер және олардың экономикаға әсері; Қордың халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және т. б. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, «БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ақпарат» атты тақырып та талқыланды. 

БЖЗҚ мамандары дәріс беру барысында мектепке қатысушылардың күрделі қаржылық көрсеткіштер мен статистикалық деректерді жеткілікті түсінулеріне көмектесіп, зейнетақы төлемдері мен жинақтар төңірегіндегі түрлі мәселелер бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ,  жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы көптеген сауалдарға жауап берді. Ал мұның бәрі олардың шынайы әрі тартымды журналистік материалдар жазуларына қолғабыс тигізері анық.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
26 ноября 2020
Дата обновления
26 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы