Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етіледі

  

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының жиырма біріншы абзацқа және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес санаторий – курорттық емдеу беріледі.

     

      1) әлеуметтік қызметтер порталы– Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген сома шегінде құнын өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру обьектісі;

      2) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      3) санаторийлік-курорттық емделу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі.

      4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

  1. Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген АОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар адамның санаторий-курорттық емделу қажеттілігін бағалау санаторий-курорттық емделудің алдында санаторий-курорттық картаны толтыру кезінде медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып айқындалады.

 

  1. Санаторийлік-курорттық емделу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсынуға берілген өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзіміне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.

 

  1. Мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамның атынан санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) "Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша:
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам
  • Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
  • "электрондық үкімет" веб-порталы
  • ұялы байланыс абоненттік құрылғысы

      Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде өтініш беру талап етілмейді.

     .

  1. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кезегінің электрондық журналына олардың түсу ретіне қарай тіркейді.
  2. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес жұмыс берушінің есебінен беріледі
  3. Жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделу Кодекстің 160-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.

 

  1. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішпен және "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатпен жүгінеді.
  2. Мемлекеттік корпорацияның, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің жауапты қызметкерлері өтінішті қабылдау кезінде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

      Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдар санаторийлік-курорттық ем алуға өтініш берген кезде:

      1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

      2) оның кінәсінан жұмыста еңбек жарақаты алынған немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қамтитын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Ұсынылған түпнұсқалармен құжаттардың көшірмелері сәйкестендірілгеннен кейін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе Қағидалардың 12-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

     

  Санаторийлік-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.

       Кодекстің 168-бабының 4-тармағына сәйкес мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің (бұдан әрі – алып жүруші) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар.

       Санаторийлік-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар баланы жол жүруші шығыстарын төлеу алып жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      "Е-Собес" ААЖ-да тіркелгеннен кейін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаторийлік-курорттық емделуді ұсынуға арналған өтініш мүгедектігі бар адамның АОЖБ деректері кезектілік тәртібімен "Е-Собес" ААЖ-дан порталға беріледі.

      Мобильді азаматтар базасында өтініш берушінің абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, оның абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және өнім берушіні таңдау қажеттілігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

     Порталда өнім берушіні таңдауды өтініш беруші АОЖБ іс-шараларының порталға жіберілгені туралы хабарлаған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

    Өтініш берушінің интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде, өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның, халықты жұмыспен қамту орталығының, қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.

     

 

 

 

 

Мүгедектігі бар адамдарды санаторийлік-курорттық емделумен  қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

  1. Жіті немесе асқыну сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы және (немесе) жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емделуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
  2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
  3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
  4. Қатерлі жаңа өскіндер.
  5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
  6. Нашақорлықтың және созылмалы алкоголизмнің барлық түрі. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстар (аурулар) (бұдан әрі – ПМБ), ұзақ мерзімді дәрілік емес ремиссия кезінде, психикалық симптомдардың өршуінсіз, әлеуметтік қауіпті әрекеттерге бейім емес, жағдайы тұрақтанған, динамикалық психиатриялық бақылаудың 2В тобындағы ПМБ балаларды қоспағанда, ДКК немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр дәрігерінің қорытындысы бар.
  7. Эпилепсия:

      ұстамалармен (фокальды, жалпыланған), оның ішінде жүргізілетін емдеуге төзімді;

      ақыл-ой кемістігі, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы.

      Әр түрлі генездің эпилепсиялық синдромдары

  1. Синкопалдық жай-күйі.
  2. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
  3. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
  4. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторийлік-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
  5. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
  6. 3-дәрежелі дистрофия.
  7. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі, III дәрежелі және одан жоғары тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі.
  8. Елеулі улану кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар.
  9. Декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі.
  10. Терінің іріңді аурулары, терінің инфекцияның аурулары (қышыма, микоз аурулары және басқалар).

       18. 2-3-дәрежелі анемия.

Дата публикации
12 декабря 2025
Дата обновления
12 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы