Меню

Страницы

Статья

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдарға қорғаншылық» белгілеу туралы

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған адамға қорғаншылықты рәсімдеу үшін соттың шешімі заңды күшіне енген соң, арыз беруші Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақтылы қажетті құжаттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы №427 бұйрығы бойынша "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізімі

1) жеке куәлік көшірмесі

2) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;

3) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);

5) «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;

6) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).

7) ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба)

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV «Неке және отбасы» туралы Кодексі бойынша

Қорғаншылыққа немесе қамқоршы болуға құқығы жоқ азаматтар

  • сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
  • өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
  • денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
  • тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
  • қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды;
  • азаматтығы жоқ адамдарды;
  • қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
  • наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
  • адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды.

Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.

Дата публикации
12 декабря 2025
Дата обновления
12 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы