«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2021 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай шаралар қабылдасын:».
- Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы бойынша МКБ