Меню

Страницы

Статья

Кредиторлар, кәсіпорын басшылары және заңды түлғалар үшін Назар аударыңыз «Оңалту рәсімі»

Кредиторлар, кәсіпорын басшылары және заңды түлғалар үшін

Назар аударыңыз «Оңалту рәсімі»

 

Мемлекет басшысы 27.12.2019 жылы 10.01.2020 жылы күшіне енген «Оңалту және банкроттық туралы Заңға» және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерге қол қойды.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық» заңына сәйкес кәсіпорындарда банкроттық (тарату) рәсімінен басқа дәрменсіз (төлемге қабілетсіз) кәсіпорындарға қатысты оңалту рәсімі қарастырылған.

Заңда төлем қабілеттігін қалпына келтіру және борышкердің мүлігін сақтап қалуға бағытталған, аталған рәсім толығымен жазылған.

Заңға сәйкес, оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады.

Қарызы шамалы аз, ең бастапқы сатыда, қаржылық дәрменсіздік әлі қайтымсыз болған кезде оңалту рәсімі жеткілікті тиімді болады. Ол кәсіпорынға бизнесті реанимациялауға, өндірісті реформалауға және қайта құрылымдауға қосымша мүмкіндіктер береды.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, борышкер және кредитор (салықтық және кедендік төлемдер бойынша кредиторды қоспағанда) уақытша төлем қабілетсіздігі кезінде және берешек болған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Оңалту рәсімі міндетті түрде болып табылмайды, сондықтан оны енгізу туралы кредиторлар жиналысының шешімі қажет. Бұл шешім оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін ғана емес, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндігіне негізделуі керек.

Оңалту рәсімін қолдану ерекшелігі, ол енгізілген сәттен бастап берешектің барлық түрлері бойынша, оның ішінде банктік қарыздар мен салықтар бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлды) есептеу тоқтатылады. Яғни, кәсіпорынның барлық қарызы бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорын үшін де, кредиторлардың өздері үшін де қолайлы кесте бойынша оңалту рәсімінің шеңберінде және мерзімінде өтелетін болады.

Банкроттықтың зерттелетін сатысындағы барлық іс-шаралардың ұйымдастырушылық-экономикалық бірлігін қамтамасыз ететін негізгі құжат кәсіпорынның оңалту жоспары болып табылады. Бұл құжаттың ерекшелігі, өзінің мәні бойынша кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жобасының бизнес-жоспары бола отырып, ол заң талаптарына сәйкес келуі және кредиторлар жиналысында бекітілуі тиіс.

Белгілі болғандай оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшін компанияны басқару құқығы оңалту басқарушысына беріледі. Алайда ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау меншік иесіне көзделген, яғни оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген оңалтуды басқарушының өкілеттігі мен жауапкершілігі қолданылатын дәрменсіз борышкердің басшысы немесе құрылтайшылары (қатысушылары).

Осылайша, құрметті кәсіпкерлер бүгін сіздің кәсіпорныңызда кредиторлық берешекті төлеу бойынша күрделі жағдай орын алса, сіз өз құқықтарыңызды оңалту рәсімі арқылы іске асыра отырып, өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдаңыз.

Оңалту құжаттарын даярлау бойынша толық ақпарат алу үшін Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер  Департаментіне хабарласа аласыз.

Жамбыл ауданы бойынша МКБ

Дата публикации
11 сентября 2020
Дата обновления
11 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы