Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы

Алматы облысы бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы

 

Жоба талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасының «Ел Үміті» бастамасы шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асырылады және жыл сайын өтетін болады. Олимпиада екі кезеңде өтті және 60 мың оқушысын қамтыды. Олимпиада қорытындысы бойынша екінші кезеңнің 807 қатысушысынан 196 жеңімпаз іріктелді.

Олимпиадаға Алматы облысының ауыл мектептерінен 5 және 6 сыныптар бойынша 60 мың оқушы қамтылды. Олимпиаданың екінші кезеңіне  қатысқан 807 оқушының ішінен 196  жеңімпаз болып іріктелді.

 

Жеңімпаздар тізімі http://www.zhetisu-daryny.kz/ сайтында:

                                    5 сынып - 89 оқушы

                                    6 сынып - 107 оқушы

 

Назар аударыңыз, олимпиада жеңімпаздары ішінде 6 сынып бойынша жоғары балл жинаған 4 оқушы (сайттағы тізім http://www.zhetisu-daryny.kz/) Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қаласындағы филиал) қабылдануға ұсынылды.

Осы оқушылардың заңды өкілдері әрі қарай мектепке қабылдануы үшін міндетті түрде 7170 нөмірі бойынша Call-орталыққа (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан осы мектепке қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

6 сыныпты бітірген 107 жеңімпазға Талдықорған және Есік қалаларындағы «Білім-инновация» лицейлерінде және Алматы облысының дарынды балаларға арналған 7 мамандандырылған мектептерде оқуды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

Жоғарыда аталған мектептерге өтініш беру үшін Call-орталыққа 7170 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін)  қоңырау шалып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының  www.fnn.kz. порталында тіркелу үшін деректер алу қажет. Өтініш беру туралы толық бейненұсқаулықты мына жерден көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=LljynSNcDmE&feature=youtu.be)

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Өтініш қабылдау қызметі 2020  жылғы 5 қыркүйек сағат 15.00-ден 2020 жылғы 7 қыркүйек сағат 15.00-ге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады. Өтініштер 3 жұмыс күні мерзімінде қаралады.

 

5 сыныпты бітірген 89 жеңімпазға арналған ақпарат

Еліміз бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқушылар 7 сыныптан қабылданады. Сондықтан 5 сыныпты бітірген жеңімпаздар үшін Елбасы академиясының қашықтық мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеу қарастырылған.

Осы қатысушылардың заңды өкілдері Call-орталыққа 7170 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан әрі қашықтықтан оқыту мектебіне қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

Дата публикации
05 сентября 2020
Дата обновления
05 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 октября 2026
Инфографика
Ақпарат
17 октября 2026
Информационные материалы
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы