«Даму» Қорының клиенттеріне арналған бизнес-курс
Құрметті кәсіпкерлер!
Сіздерді «Даму» қорының қашықтан оқытатын тегін курстарына шақырамыз. Бұл оқу курсынан сіз бизнес ашу және кәсіпорынның нарықтағы позициясын нығайтуға қажет кәсіби машыққа ие боласыз.
Оқу процесі:
✔ ChatGPT принциптерін біліп
✔ Trello жобаларын басқаруды үйреніп
✔ Google Workspace қызметтерімен жұмысты меңгеріп
✔ Маркетингтік стратегияны күшейтуді қамтиды.
Онлайн-курстың ең белсенді қатысушылары үшін арнайы бонус – Ernst & Young Academy ұсынған «MBA Executive» эксклюзив тренингіне жолдама.
Оқуға тек «Даму» қорының клиенттері қатыса алады. Курс соңында электрондық диплом беріледі.
Курсқа ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін тіркелу керек.
Даму» Қоры толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын ауданы, 14Б, 1 қабатта орналасқан мекен-жайы бойынша хабарласуыңызға болады.