«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама
«Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы маусым айының 03 мен 18 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Ішкі талдау жүргізу кезінде қаралатын құжаттар:
- мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілер.
Осы мәселе бойынша сұрақтар туындаған жағдайында 8 (72770)
2 00 73 нөміріне хабарласуыңызға болады.