Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі

Жылжымайтын мүлік кепілінің 67%-ы онлайн режимінде тіркеледі

 

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды онлайн тіркеуді жөн көреді. Өткен жылмен салыстырғанда "Blockchain" технологиясы арқылы жасалатын мәмілелер саны 2,5 есеге артты. 2024 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 25 мың операция жасалды.

Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің платформалары арқылы кепілді (қайта кепілге қоюды) және оның тоқтатылуын онлайн режимде тіркеуге болады. Айта кетейік, бұл қызмет Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарында сұранысқа ие.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді және шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгеруін тіркеу мүмкіндігін іске асырды. Бұған қоса,  тұрғын емес үй-жайлармен кепілді тіркеу де қолжетімді болды.

Айта кетерлігі, Blockchain технологиясы банктердің жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы несие беру кезіндегі несиелерді онлайн рәсімдеуді жеңілдетеді, шығындарды азайтады және өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартады. Сонымен, Blockchain пәтерді рәсімдеу уақытын 3 күннен 1 сағатқа дейін қысқартты.

Дата публикации
04 мая 2024
Дата обновления
04 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы