Меню

Страницы

Статья

МҮГЕДЕКТІГІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ

МҮГЕДЕКТІГІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ

 

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға ай сайынғы мемлекеттік көмекке кепілдік беріледі. 2024 жылы Алматы облысында 32 521 адам мүгедектік бойынша жәрдемақы алады.

Сондай-ақ, мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға ҚР азаматтары да, шетелдіктер де, азаматтығы жоқ адамдар да өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан құқылы.

Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бiр ғана жәрдемақы тағайындалады.

Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне жүгінуге болады. Өзіңізбен бірге өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, мүгедектігі туралы анықтама және банктік шот туралы мәліметтер болуы қажет. Әр түрлі жағдайларда өтініш берушіден қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2024 жылғы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:

жалпы аурудан мүгедектерге:

I топ - 95 496 теңге,

II топ - 76 397 теңге,

III топ - 52 089 теңге,

 

жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға-69 886 теңге,

I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-95 496 теңге,

II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-79 435 теңге,

III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-69 886 теңге,

бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға -95 496 теңге,

бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға -79 435 теңге,

бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға -69 886 теңге.

Дата публикации
16 апреля 2024
Дата обновления
16 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы