Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 65-302 «Жамбыл ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 104-бабының 5-тармағы және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 27 216 630 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 4 826 729 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 26 642 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 49 233 мың теңге;
трансферттер түсiмі 22 314 026 мың теңге; оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер 45 180 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік алып қоюлар 45 164 мың теңге;
нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 16 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 22 268 846 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 10 164 411 мың теңге;
нысаналы даму трансферттер 4 355 306 мың теңге;
субвенциялар 7 749 129 мың теңге;
2) шығындар 33 879 965 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 153 643 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 209 540 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 55 897 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 6 816 978 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 6 816 978 мың теңге.;
5-тармақтағы:
«73 727» саны «111 235» санына ауыстырылсын.