Меню

Страницы

Статья

Мобильді байланыс

Облыс халқынан байланыс сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар негізінде облыстық цифрлық технологиялар басқармасы жүргізген тексерулер нәтижесінде облыс елді мекендерінің тұрғындары мобильді байланыс сигналын күшейту үшін мобильді байланыс операторларына бөлінген жиіліктерге кедергі келтіретін ретрансляторларды қолданатыны анықталды.

GSM сигналының ретрансляторы немесе репитер - бұл дыбыстың анықтығы мен қабылдау сапасын жақсартатын ұялы телефонға, компьютерге келетін сигналды күшейтуге арналған электронды жабдық.

Бұл жабдықты жеке тұлғалар өздігінен орнатып жүр, алайда ретранслятордың конфигурациясы, орнатылуы, баптауы арнайы білім мен біліктілікті қажет етеді. Ретранслятордың дұрыс жұмыс істемеуі мобильді байланыс базалық станцияларының радиожиілік жағдайына әсер етіп, оператордың жиіліктерінде кедергі туғыза отырып басқа пайдаланушылар үшін байланыс сигналын бұғаттап қана қоймай, жедел ден қою қызметтерін (101, 102, 103, 104) шақыруда қиындықтар туғызады.

Қазіргі уақытта мобильді байланыс репитерлері сапалы байланыс ұсынудағы негізгі кедергілердің бірі болып табылады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарынан мобильді байланыстың базалық станциялары жұмысына кедергі келтіретін, сол арқылы сигналдың сапасын төмендететін сертификатталмаған мобильді байланыс ретрансляторларын пайдаланбауды сұраймыз.

Қызмет бағыты
Дата публикации
21 февраля 2024
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Ақпарат
22 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Vk

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы