Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың тұжырымдамасы бойынша барлық əдіс-тəсілді қолдана отырып, «қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын-алу əр жеке тұлғаның борышы», – деп түсіну қажет. Сондықтан еңкейген қарттан – еңбектеген балаға дейінгі қоғамды құрайтын жандардың тəрбиесіне ерекше ден қойылуы қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбиенің мақсаты – құнды бағдарларды тəрбиелеу жəне жастардың азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауаптылығын қалыптастыруға
қажетті қабілеттіліктерін дамыту. Міндеттері: сыбайлас жемқорлық құбылысымен: мəнімен, себептерімен, салдарымен таныстыру; сыбайлас жемқорлықпен күресу мүмкіндіктерін көрсету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыруға өз үлесін қосу. Міндеттерді іске асыру үшін білім берудің барлық салалары жүйелі түрде күш салуы қажет. Үйлестірілген шаралар ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың
туындау себептері мен жағдайларын жоюға бағытталуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет пен іс-əрекетті қалыптастыру нəтижесі азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке келтіретін қаупін түсінуі; жемқорларға деген кері көзқарас жəне жемқорлық іс-əрекетті қабылдамау болып табылады. Осы бағыттағы сабақ жəне сабақтан тыс қызметтен күтілетін нəтижелер: білім алушылардың, жастардың, қоғамдағы əрбір азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамгершілікті-құқықтық мəдениетті өскелең ұрпақтың руханиадамгершілікті құндылықтарының бірі ретінде айқын көрініс таппақ. Сонда ғана біз сыбайлас жемқорлықты жүгендей аламыз.
Бозой ауылдық округінің әкімі Т.Бейсембаева