|
2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
|
|||||
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, терроризмнің, діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік тілдерді дамыту мен қолдану бағытында: «Біз әртүрлі болғанмен, Отанымыз ортақ!»
|
2 205 000 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 26.11.2022 ж. №2 Жарлығы аясында «Этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға арналған іс-шаралар өткізу» Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауына іс-шаралар өткізу
|
Жергілікті атқарушы органдар,Жамбыл ауданының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері; Аудандық этномәдени орталықтарының мүшелері; теологтар; Құқық қорғау органдарының өкілдері; Қоғамдық пікір көшбасшылары |
Этномәдени ұйымдардың мүшелері, діни қызметкерлері және жастардың қатысуымен этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты нығайту және ксенофобияның алдын алу, сонымен қатар салт-дәстүрлерді, тілдерді сақтау, діни сауаттылықты арттыру, терроризмнің, экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың таралуын болдырмау |
|
2. |
Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелер бағытында: «Отбасы берекесі - әйелде!» |
2 205 000 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы |
Мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының өкілдері, аналар кеңестерінің мүшелері, Жамбыл ауданының «Атамекен» әйелдер палатасының бизнес құрылымдарының өкілдері, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын дамыту саласындағы сарапшылар, халықаралық және ҮЕҰ өкілдері, ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жобалардың бенефициарлары мен еріктілері |
Ауылдық әйелдерді қолдау қоғамдастығын қалыптастырудың инновациялық тетіктерін енгізу, билік органдарымен, халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылықты арттыру және ауылдық жерлерде өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы хабардар ету үшін ашық алаңды қалыптастыру |
|
3. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет» ақпараттық-түсіндірмелік шаралар кешенін іске асыру |
3 205 000 |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы |
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, заңгерлер, адвокаттар, БАҚ өкілдері |
Жамбыл ауданы тұрғындарының арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарға төзімділікті төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру |