Шешім ЖОБАСЫ
Жамбыл ауданында дауыс беруді өткізу және
дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Жамбыл ауданы әкімінің «Жамбыл ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4977 тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Еркінұлы Нұрпейісовке жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Әлиев