Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2026 жылғы 18 наурызда Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2026 жылғы 26 сәуірге Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиясы, 23 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Теміржол ауылдық округі  бойынша сайлаушылар саны 3049 адамды құрайды.

2026 жылдың 19 наурызынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 31 наурыздағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде  3 кандидат - өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 31 наурызда сағат        18:00-де аяқталды.

 

 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2026