Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Алматы облысы Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

 Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Алматы облысы Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Алматы облысы Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                           Ж. Қарымбаев 

 

 

Хатшы                                                                         А. Керімбаева

 

Ұзынағаш ауылы,

2026 жылғы 18 наурыз,

№ 8 

Дата публикации
18 марта 2026