О внесении изменении в решение Жамбылского районного маслихата от 28 сентября 2023 года № 7-32 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жамбылского района»

ЖОБА

 

Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7-32 шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7-32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033-05 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 8-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 9-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7-тармақтың соңғы абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«бірнеше санатқа жататын бір тұлғаға атаулы күндер мен мерекелік күндерге байланысты әлеуметтік көмек тек бір ғана негіз бойынша төленеді».

  1. «Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
10 марта 2026